Қазақ мектеп – гимназиясында Абай орталығы салтанатты түрде ашылды
2020 жылдың 21 ақпан күні қазақ мектеп – гимназиясында Абай орталығы салтанатты түрде ашылды.Ашылу салтанатына қаламыздың зиялы қауымы қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Роза Сәркенқызы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абайтанушы, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы, профессор Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы ресми түрде орталығымызды ашып, ақ батасын берді.Енді Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған қала мектептері ұйымдастырған іс – шаралар осы жерде өтетін болады. Сонымен қатар қаламызда алғаш рет бастауыш сынып оқушылары үшін «Абай оқуы» байқауының қалалық кезеңі де мектебімізде сәтті өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер