«Абай – ақылдың ақыны» атты бастауыш сыныптарға арналған қалалық байқау өтті
2020 жылғы 21 ақпан күні Петропавл қаласының қазақ мектеп-гимназиясында жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында «Абай – ақылдың ақыны» атты бастауыш сыныптарға арналған қалалық байқау өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Петропавл қаласы білім бөлімі, «Қазақ мектеп- гимназиясы» КММ
«Абай – ақылдың ақыны» атты бастауыш сыныптарға арналған қалалық байқау үш номинация бойынша өткізілді:
І номинация бойынша:
- «Білімдіден шыққан сөз» - Абай шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша барлығы 43 сайыскер.
ІІ номинация бойынша:
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - Абайдың қара сөздерін жатқа айту номинациясы бойынша барлығы 22 сайыскер.
ІІІ номинация бойынша:
- «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» - Абайдың әндері мен күйлерін орындау номинациясы бойынша барлығы 21 сайыскер.
«Абай – ақылдың ақыны» атты бастауыш сыныптарға арналған қалалық байқаудың әр бөліміне яғни, шығармаларды жатқа оқу бағыты бойынша және қара сөздерді жатқа оқу байқауы бойынша 86 оқушы қатысты. Әр номинация бойынша жүлделі орын алған оқушылар дипломмен, алғыс хаттармен марапатталды.
Осы шара барысында да қабілетімен ерекшеленген өрендер қатары анықталды. Бәрінен де бізді қуантқаны Абай есімін ұлықтап, ұлы ақын өсиетіне құнттылық танытып жүрген ұл-қыздарымыздың қатарының көбейгені болды. Алаш жұртының адастырмас темірқазығы Абай әлемі десек, оны бағдарға алып өсіп келе жатқан бүгінгі ұрпақ ертеңгі күні-ақ елімізді өрге бастырар ұландарға айналары хақ. Қаламызда осындай іс-шаралар қатары көбейеді деп сенеміз!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер