7 «В» сыныбы Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің музейіне саяхаттап барды
18 ақпан күні жоспар бойынша Қазақ мектеп-гимназиясының 7 «В» сыныбы Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің музейіне саяхаттап барды Музейде, аумағы 300 шаршы метрді құрайтын 4 мыңнан астам экспонат бар екен. Оқушылар барлық залын аралап шықты. Жетекшінің айтқан мәліметтерін мұқият тыңдап, экспонаттарға қызығушылықпен қарады. Бұл жерден әр жылдардағы кеңес милиционерлерінің, алғашқы полицейлердің және қазіргі қазақстандық полицейлердің киім үлгілерін тамашалады. 1918 жылғы петропавлдық милиционердің бірінші жеңдегі белігісіне ерекше назар аударды. Департамент музейінде 1940-1950 жылдары тәртіп сақшылары мінген ИЖ-49 мотоциклі де бар. Атышулы қылмыстарды ашуға арналған стендтерде суреттер, бұйрық көшірмелері, қылмыс құралдары және жәбірленушінің жеке заттары көрсетілген стендерді мұқият қарап шықты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер