"Ағылшын әндерінің конкурсы-2020" сайысының облыстық кезеңі өткізілді
28 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысы ағылшын мұғалімдерінің ұйымы "ATENK" және "Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған "Ағылшын әндерінің конкурсы-2020" сайысының облыстық кезеңі өткізілді. 32 қатысушы болды. Қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары Дипломмен марапатталды және жетекшісіне қатысушыларды дайындағаны үшін сертификат берілді. Бұл конкурсқа біздің мектебіміздің 5 "А" сынып оқушылары Жұмабек Жасмин, Балдар Алия, Алланиязова Сарра, Ермек Гаухар және Карменова Сайда "Аллелуя"әнімен қатысты. Жетекшісі ағылшын тілі мұғалімі Азыканова Гулзада Ермекқызы.
Жалпы бұл конкурсқа 150 қатысушы сырттай қатысқан болатын, соның ішінде үздік деп танылған 32 қатысушы облыстық кезеңге іріктелініп алынған болатын. Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер