Қашықтықтан оқыту бойынша нұсқаулық 🖊️ сабақтың басталуы ... сағатта басталады (қосымша хабарланады) 🖊️ жұмыс жүргізілетін жерде (көрінетін) сабақ кестесі, сәйкестендіру нөмірі және пароль болуы керек 🖊️ сабақтар қатаң түрде белгіленген уақытта өтеді (кесте бойынша) 🖊️ Компьютердің (телефонның) қуаты толық болуы керек. Кешке қуаттандырып қойыңыз 🖊️ оқу белгіленген жерде өткізіледі 🖊️Сабаққа уақытында қатысыңыз. Сабақтан 5 минут бұрын нөмір мен парольді енгізіп, дыбысты тексеріңіз 🖊️ балалар жуынған, шаштары қалыпқа келтірілген , ұқыпты киінуі керек (пижама, халат, футболкада емес) 🖊️ Бөлмеде тыныштық болуы керек. Сыртқы дыбыстарды өшіру керек. Сабақ кезінде үй жануарларын бөлмеден шығарыңыз, басқа балалар болмауы керек 🖊️ Сабақ барысында балалар бөлмеден шықпауы керек, су ішу, тамақ ішу және басқа да жұмыстармен айналыспауы керек , онлайн сабақтан шығып кетпеуі керек. 🖊️ Сабақ барысында дыбысты мұғалім өшіреді (қосады). Егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы функцияны қолдана отырып қолыңызды көтеру арқылы жауап бере аласыз 🖊️ Мұғалімге сұрақтар сабақты түсіндіріп болғаннан кейін ғана қойылады 🖊️ Ата-аналар мен балаларға сабақты түсіндірген кезде чатқа жазуға тыйым салынады 🖊️ балалар жауап беру кезінде орнынан тұрудың қажеті жоқ 🖊️ Дене тәрбиесі, музыка, өзін-өзі тану, еңбек пәндерінен тапсырмалар Күнделік сайтындағы арнайы файлға салынады. Егер кестеде осы сабақтардың біреуі болса, файлды ашып, тапсырманы орындаңыз. Еңбек сабағының тапсырмаларын сабақтан тыс кез-келген уақытта орындауға болады 🖊️ Сабақты мұғалімнің рұқсатынсыз суретке немесе видеоға түсіруге тыйым салынады 🖊️ Ата-аналар сабаққа кедергі жасамауы қажет 🖊️Баласының сабаққа қатысуына ата-ана жауап береді