Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Қазақстан – түрік әлемінің қара шаңырағы»

/ /
 //

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жетi қыры» атты мақаласы Қазақ елiнiң адамзат тарихындағы орны туралы маңызды мәселелердi көтергенi белгiлi. Мақалада, әсiресе қазақтардың Түркi жұртындағы маңызды орны тағы бiр рет айрықша аталып өттi.

«Қазақстан — күллi түркi халықтары­ның қасиеттi қара шаңырағы. Бүгiнгi қазақтың сайын даласынан әлемнiң әр түкпiрiне тараған түркi тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңiрлердiң тарихи үдерiстерiне елеулi үлес қосты», — делiнген мақалада.

Расында да Қазақстан географиялық жағынан Түркi әлемiнiң қақ ортасында орналасқан. Қазақ елiнiң кең-байтақ даласы көшпендi өмiр салтының және сол салт негiзiнде қалыптасқан түркi өркениетiнiң төл бесiгi. Бүгiн түркiтек­тес елдердiң көпшiлiгiнде жоғалып бара жатқан ұлы бабаларымыздың құндылықтары әлi күнге дейiн қазақ ортасында сабақты жалғасын тауып келедi. Ендеше, «Қазақ елi — түркi әлемiнiң орталығы» деген пiкiр тек қазақтың ұлттық болмысының күшеюiне ғана себеп болмайды, оған қоса өзiмiз­бен бауырлас елдердiң де рухани жаң­ғыруына септiгiн тигiзбек. Басқаша айтқан­да, тағдырдың өзi Қазақ елiне маңызды жауапкершiлiк жүктеп отыр. Қазақтардың өздерiнiң шежiрелi тарихын зерделеп, оған ие болып, ұлттық бiрегейлiк қалыптастыруы — түркi өркениетiнiң жиырма бiрiншi ғасырда жаңа белеске көтерiлуiнiң алғышарты. Сондықтан Қазақ елiнiң түркi әлемiндегi орнына жан-жақты талдау жасалып, насихатталуы керек.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь