Сәуір айының 27-28 күндері Астана қаласында "Рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа" тақырыбында өткен І Ұлттық конференцияға әріптесіміз, мектеп директорының оқу ісі жөнінен орынбасары Жанар Таужанқызы Баймуканова қатысты.
Сәуір айының 27-28 күндері Астана қаласында "Рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа" тақырыбында өткен І Ұлттық конференцияға әріптесіміз, мектеп директорының оқу ісі жөнінен орынбасары Жанар Таужанқызы Баймуканова қатысты. Конференция постерлер көрмесімен басталды. Конференцияның пленарлық отырысында Оқу-ағарту вице министрі - Айбат Ильясов, Күләш Шәмшидинова - Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, Әнуар Жанғожин - "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма Төрағасы, Кэтрин Льюис - Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының Президенті (АҚШ) сөз сөйледі. Қазақстандағы Сабақты зерттеу нәтижелері бойынша Жапония, Малайзия, Шотландия, Ұлыбритания елдерінен спикерлер ой бөлісті. Содан соң секция отырыстары, панель сессиясы,симпозиум өтті. Бірінші күннің соңында конференция барометрі жасалып, постерлер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Екінші күні Астана қаласының мектептеріне барып, зерттеу сабақтарын бақылады. Сабақты бірге талдап, сабақтың сараптамалық қорытындысын жасады. Қатысушылармен "Сабақты зерттеу мұғалімдердің рефлексивті құзыреттілігін дамыту құралы" тақырыбында ПШО сарапшылары шеберлік сабақтарын өткізді.
Республикалық конференцияға қатысқан әріптесіміздің әрдайым білімнің биігінен көрінуін тілейміз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер