Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін аудандық "Абай және Мағжан оқулары" республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.

Жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін аудандық "Абай және Мағжан оқулары" республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.
Аталған байқауда Мағжан өлеңдерін жатқа оқуда: "Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім" номинациясы бойынша 8-сынып оқитын оқушымыз Қуандық Наргиз 1 -орынды жеңіп алды. Жетекшісі Бекпасова Динар Қуанышевна.
"Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" номинациясында Абай өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуда 9-сынып оқушысы Көзтай Айым топ жарып 1-орын алды. Айымның жетекшісі: Руслан Султанұлы Дукетбаев.
"Жасынан оқу оқып өнер қуған..." номинациясы бойынша қатысқан 11- сынып оқушысы Қажыман Айымжан Сағатқызы 1-орынға ие болды. Жетекшісі: Сая Алкенқызы Кажикенова.
Сая Алкенқызының жетекшілігімен "Өлең-сөздің патшасы"номинацисында 9-сынып оқышысы Келден Мирас 2-орынға ие болды.
Ақнұр Елубайқызы Ашербекованың жетекшілігімен Абай қарасөздерін оқуда 5-сыныптың оқушысы Қайыркен Томирис жүлделі 2- орын алса, "Ұлылар әлемі" номинациясында 10-сынып оқушысы Сейілбек Дильназ жүлделі 3-орын алды.
"Көңілім әнді ұғады" номинациясында 6- сынып оқушысы Жұмабай Іңкәр 2-орын алды. Жетекшісі: Рустемов Наурызбай Талгатбекович.
Байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған жеңімпаздарымыз облыстық кезеңде де биіктен көрінерлеріне сенеміз. "Сөз патшасын" серік еткен жеңімпаздарымызға әрдайым жеңіс тілеп, жетекшілеріне алғыс білдіреміз.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь