Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

"Буллинг"

Білім беру ұйымдарындағы зорлық - зомбылықтың сипаты мен
табиғаты әртүрлі, бір мезеттік қорлау түрінде, немесе жүйелі түрде кемсіту
және айдап салу (буллинг) түрінде де көрінеді. Зорлық - зомбылық
физикалық және ауызша болуы мүмкін, зорлық - зомбылық әрекеттері мен
жыныстық сипаттағы сөз айтуларда білдірілуі, айқын немесе айқын
көрінбейтін гендерлік сипатқа бағытталған, материалдық пайдаға ұмтылу
(бопсалау және заттар мен ақшаны тартып алу) сипатта көрінеді және
барлық тартылған тараптарға әрқашан психологиялық жарақат келтіреді.
Мектептегі айдап салу (буллинг) – белгілі бір балаға бағытталған
қайталанатын агрессия, оның құрамында мәжбүрлеу мен қорқыту белгілері
бар, кейде мұғалімдер тарапынан нақты немесе жасырын түрде қолдаулар
болуы мүмкін фактор.
Мектептегі айдап салу әртүрлі нысандарда пайда болуы мүмкін:
физикалық және психологиялық агрессия, айқын қудалау және нашар
қарым-қатынастың жасырын көрінісі.
Буллингтің жасырын түрлеріне елемеу, бойкот (толық қарсылық
білдіру) жасау, қарым-қатынастан шығару, әртүрлі манипуляциялар, теріс
пікірлер мен өсектерді әдейі тарату және т.б. - баланың өзін қорғансыз
сезінетіні, балалардың тобынан шығарылғандығы, жалпы қабылданбаған
теріс ортаны құру жатады.
Буллинг - бұл тартылған тараптар арасындағы билік тепе-теңдігін
көздейтін физикалық және вербалды сипаттағы зорлық-зомбылық .
Жүйелі зорлық-зомбылық - айдап салу немесе буллинг ерекше
қауіпті. Оқушыға қысым бір адам (оқушы немесе мұғалім), сондай-ақ бір
топ тұлғалар да көрсетуі мүмкін

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь