Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

2023 жылдың 17 мамырында Рудный орта мектебінің базасында директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен ауданның білім бөлімінің әдістемелік кеңесі өтті.

2023 жылдың 17 мамырында Рудный орта мектебінің базасында директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен ауданның білім бөлімінің әдістемелік кеңесі өтті.Әдістемелік кеңес барысында әдістемелік кабинет меңгерушісі Омарова Бақытгүл Амантайқызы қаралатын мәселелердің күн тәртібін атап өтті.
Күн тәртібі бойынша бірінші болып, АӘК әдіскері Б. К. Дюсенова 2022 – 2023 оқу жылының аяқталуы туралы ақпаратпен таныстырды.
АӘК әдіскері В. А. Матвеев «Күнделік» бірыңғай электрондық білім беру порталын толтыру жұмысының мониторингін ұсынды.
Саумалкөл қазақ ОМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т.Баймуканова «Педагогтардың кәсіби деңгейі – білім беру мекемелерінің сапалық көрсеткіші» тақырыбында баяндама жасады.
Оқу жылы ішінде оқушылардың зияткерлік конкурстарға қатысу нәтижелері туралы әдіскер Б.Ж. Сексенбаева айтты.
Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдердің педагогикалық өсуі туралы талқылау үшін келесі мәселені әдіскер Л. И. Куценко көтерді.
Білім беру мекемелерінде құжаттаманың қазақ тілінде жүргізілуін бақылау туралы АӘК әдіскері Г. С. Мырзахметова сөз сөйледі.
Кеңес соңында АӘК меңгерушісі Б.А.Омарова білім беру мекемелерінің оқу ісі жөніндегі директорының орынбасарларына оқу-білім беру процесіне қатысты ұсыныстар берді.
Кеңес барысында атап өтілгендей, ең маңызды мәселелердің бірі –мектепішілік бақылау, ақпараттық жүйелерді уақытылы толтыру.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь