Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Шамшырақ»

🔰 2023 жылдың 5 маусымында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің «Шамшырақ» облыстық қауымдастығының қорытынды отырысы Педагогикалық аллея «Lesson study» тақырыбында өтті. Қауымдастық жұмысында өзге ұлт мектептеріне жұмыс жасайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен шеберлік-сыныптар ұйымдастырылды. Облысымыздың аудандары мен қала мектептерінен қатысқан 25 педагог өзара тәжірибе алмасып, өткен оқу жылына қорытынды жасады. Жұмыс соңында келесі оқу жылына атқарылатын жұмыс түрлері жоспарланды және 2023-2024 оқу жылына Ы. Алтынсарин академиясы ұсынған Әдістемелік нұсқау хаттың жобасы таныстырылды. Оқу жылы бойы бірлесіп жұмыс жасаған әріптестерімізге алдағы демалыстарын сәтті өткізіп, мықты күш-жігермен, тың идеялармен жаңа оқу жылында кездесуді тілейміз!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь