Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Тарихқа тағзым – болашаққа бағдар» облыстық жас өлкетанушылар слеті

2023 жылдың 6 мен 8 маусым аралығында Айртау аудандық «Чайка» балалар сауықтыру лагерінде «Тарихқа тағзым – болашаққа бағдар» атты жас өлкетанушылардың Бірінші облыстық слетіне мектеп «Жас турист» командасы қатысты.
Шараның басты мақсаты – ортақ тарихқа, өз жеріне, кіші Отанына деген сүйіспеншілікке негізделген ортақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру болды.
Солтүстік Қазақстан облысының «Тарихқа тағзым – болашаққа бағдар» атты жас өлкетанушыларының Бірінші облыстық слетінде облысымыздың түкпір-түкпірінен келген белсенді 14 команда қатысты.
Үш күн бойы жас өлкетанушылар туристік шеберлік бойынша жарысып қана қоймай, Солтүстік Қазақстан облысының тарихы, географиясы, табиғаты мен мәдениеті туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтерді білді, сондай-ақ кіші туған өлкесінің мәдени ерекшеліктері, көрікті және тарихи жерлері туралы білімдерін көрсетті.
Оқушылар бірегей ескерткіш – 5,5 мың жыл бұрын әлемде алғаш рет жылқы қолға үйретілген Ботай қонысын тамашалады. Сондай-ақ олар Шоқан Уәлихановтың әжесі – Айғанымның Сырымбет ауылында орналасқан иелігін де болды.
Бідің командамыз үздік нәтиже көрсетті, кубок пен диплом табыс етілді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь