Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Жаңа автобус

Жаңа 2023-2024 оқу жылы қарсаңында «Елецкий орта мектебі» КММ-не оқушыларды күнделікті және апта сайынғы мектепке жеткізу үшін жаңа автобус алды. Бұл оқиға барлығын қуантты. Өйткені, ата-аналар мен ұстаздар үшін ең бастысы – балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау. Жаңа автобус заманауи, жылы әрі ыңғайлы, 21 орындық. жылдамдықты шектегіштермен, қауіпсіздік белдіктерімен, ауа баптау жүйесімен жабдықталған. Ол ерекше білім беруді қажет ететін балаларға бейімделген: автобуста пандус пен жүргізушіні шақыру түймесі бар.
Мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің «Айыртау ауданының білім бөлімі» КММ-не жаңа автобус сатып алғаны үшін шексіз алғысын білдіреді. Жұмыстарыңызға табыс, барлық бастамаларыңызға сәттілік, ауданымыздың білім саласында биік белестерден көрінуіне тілектеспіз.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь