Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Мектеп формасы


Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49 - бабының 2 - тармағына сәйкес ата - аналар мен өзге де заңды өкілдері: - білім беру ұйымының жарғысында айқындалған ережелерді орындауға; - білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп нысанына қойылатын талаптарды орындауға; - білім беру ұйымында белгіленген киім нысанын сақтауға; - балалардың оқу орнында сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 15-1-тармағына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп нысанына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

Ата-аналар мен білім алушылардың міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар мен міндеттері оқу орындарының жарғыларында, сондай-ақ білім беру қызметтерін ұсыну туралы шарттарда және әрбір оқушының ата-аналары мен заңды өкілдері қол қоятын ішкі тәртіп ережелерінде бекітілген.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 409-бабының 2-тармағына сәйкес ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер міндетті мектеп нысанына білім беру саласындағы заңнама нормаларын сақтамаған жағдайда ескерту жасауға немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ішкі тәртіп ережелерінің талаптарын орындамағаны үшін мектеп әкімшілігі тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы "Білім туралы" ҚР Заңының 5-бабы 39-тармағына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп нысанына қойылатын талаптарды бекітеді. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген. 5-бап 39-тармақ білім министрінің бұйрығы.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь