Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

МЕКТЕП ФОРМАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТАЛДАМАСЫ
1. Конституция бойынша 1-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемелекет болып табылады. Тиісінше мемелекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. 2. ҚР «Діниқызмет және дін бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабының: - Білім беру және тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта; - ешкімнің өзінің діни сенімдері себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында көзделген міндеттерді орындаудан бас тартуға құқығы жоқ; 3. ҚР «Білім туралы» Заңының 49- бабы 2-тармағының мақтарына сәйкес АТА-АНАЛАР мен өзге де заңды өкілдер: -білім беру ұйымының жарғысында айқындалған ережелерді, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп нысанына қойылатын талаптарды орындауға; -білім беру ұйымында белгіленген киім нысанын сақтауға; -сондай-ақ балалардың оқу орнындағы сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. 4. ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабы 15-1-тармағының мақтарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында ОҚУШЫЛАР жауапкершілікті. Білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. 5. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар және ата-аналар мен оқушылардың міндеттері Мектеп жарғысында бекітілген. Мекемелер, сондай-ақ білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімдер және әрбір оқушының ата-аналары мен заңды өкілдері қол қойған Ішкі тәртіп ережелері. МЕКТЕП ФОРМАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТАЛДАМАСЫ 6. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республика- сы кодексінің 409-бабының 2-тармағына сәйкес ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер міндетті мектеп нысанына білім беру саласындағы заңнама нормаларын сақтамаған жағдайда айыппұл салынады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 14 ҚАҢТАРДАҒЫ 26 БҰЙРЫҒЫ
Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды
ҰЛДАРДЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ
■ пиджак, ■ жилет, ■ шалбар*, ■ мерекелік жейде, ■ күнделікті жейде, ■ не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, ■ поло жейде немесе тенниска ■ қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка
ҚЫЗДАРДЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ
■ пиджак, ■ жилет, ■ юбка, ■ шалбар*, ■ классикалық жейде, ■ не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, ■ поло жейде немесе тенниска ■ қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь