Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

мектепке дейінгі білім беру және бастауыш сынып мұғалімдері үшін сабақтастық бойынша бірыңғай ашық есік күні шеңберінде "Сабақтастық көпірлері

24 қыркүйекте "Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 2 орта мектеп "КММ базасында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Әдістемелік орталығы" КММ-мен бірлесіп,мектепке дейінгі білім беру және бастауыш сынып мұғалімдері  үшін сабақтастық бойынша бірыңғай ашық есік күні шеңберінде "Сабақтастық көпірлері: мәселелер  мен шешімдер" атты облыстық дөңгелек үстел өткізілді.  Алдымен  "Әдістемелік орталық" КММ директорының орынбасары С.Р.Мироненко мен  мектеп директоры А. Г. Сачкова  сөз сөйледі. Кездесуге "Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Е. А. Черепанова және әдіскер Г. А. Тәбеева қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылармен педагог-логопед М. К. Сыздықова, педагог – психолог М. Ю. Каныгина шеберлік сыныптарын өткізді.Мектепалды даярлық сыныбының педагогы Р. Ш. Жұмағұлова жұмыста балалардың жеке даму карталарын пайдалануы туралы айтып берді. 1-сынып мұғалімдері Л. А. Баймуханова мен У. А. Жәутеева бірінші сынып оқушыларын мектеп жағдайына бейімдеу бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь