Республикалық "Ауыл мектебі – сапа алаңы" шағын жинақты мектептерінің әлеуетін дамыту жобасын іске асыру шеңберінде облыстың шағын жинақты мектептерін сүйемелдеу бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.
🎓 "Ауыл мектебі – сапа алаңы"
Республикалық "Ауыл мектебі – сапа алаңы" шағын жинақты мектептерінің әлеуетін дамыту жобасын іске асыру шеңберінде облыстың шағын жинақты мектептерін сүйемелдеу бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.
🗓 1 шілде күні Әдістемелік орталық ✅ Мамлют ауданының білім бөлімінің өкілдерімен, №1 тірек Мамлют мектеп-гимназиясының әкімшілігімен, сондай-ақ 🏫 "Белов орта мектебі" КММ, «Новомихайловка орта мектебі» КММ және «Минкесер орта мектебі» КММ шағын жинақталған мектептерімен жұмыс кездесуі өтті.
💬 Кездесу барысында жобаны іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды, оның ішінде:
📚 басшылар мен педагогтардың біліктілікті арттыру курстарынан өтуі,
🏫 шағын жинақталған мектептер жағдайында оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері,
🧑🏫 әдістемелік қолдау және 👥 тәлімгерлік мәселелері сөз болды.
👩💼 Мамлют ауданының білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорлары жобаны дамытуға жоғары қызығушылық білдіріп, оны одан әрі іске асыруға белсенді қатысуға дайын екендіктерін растады. 🙌
📌 Кездесу қорытындысы бойынша нақты ұсынымдар әзірленіп, алдағы 📅 оқу жылына арналған басым міндеттер айқындалды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер