Сәлем, қыс – Қыс ханшайымы!
Мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында «Сәлем, қыс – Қыс ханшайымы!» атты жаңа жылдық қолөнер бұйымдары байқауы өтті. Оқушылар байқауға белсенді қатысып, өздерінің қиялы мен шығармашылығын көрсетті. Ұсынылған жұмыстар түрлі материалдардан: қағаз, картон, табиғи және қолда бар заттардан жасалды.
Әрбір қолөнер бұйымы қыс мезгілінің сұлулығын, жаңа жылдық мерекенің шаттығын бейнеледі. Бұл байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамытып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер