«Алғыс айтудың үш себебі» атты психологиялық жаттығу.
2026 жылдың 28 ақпан күні "Психологиялық қолдау орталығы" КММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне орай «Күн сайын достыққа, ризашылыққа және толеранттылыққа қадам» атты психологиялық онкүндік аясында №2 Новошим орта мектебі КММ оқушыларына арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында аға тәлімгер Смаилова Н.Ж. және мектеп парламенті оқушылармен бірге «Алғыс айтудың үш себебі» атты психологиялық жаттығуын ұйымдастырды. Жаттығудың мақсаты: оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттыру, ризашылық сезімін қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту және толеранттылық құндылықтарын дәріптеу.
Шара барысында оқушылар өз өміріндегі алғыс айтуға лайық жандарды атап, үш себеп арқылы шынайы ризашылықтарын білдірді. Бұл жаттығу балалардың жағымды эмоцияларын оятып, өзара түсіністік пен қолдауды арттыруға ықпал етті.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға, мейірімділік пен сыйластықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер