Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Мейірімділік менен басталады» атты флешмоб.

2026 жылдың 01 наурыз күні "Психологиялық қолдау орталығы" КММ ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы қолдауымен Қазақстан Республикасының Алғыс айту күніне орай «Күн сайын достыққа, ризашылыққа және толеранттылыққа қадам» атты психологиялық онкүндік аясында №2 Новошим орта мектебі КММ-нің 5 «Г» сынып оқушыларына арналған тағылымды іс-шара өтті.
Мектеп логопеді Қожахмет Д.Қ. ұйымдастыруымен «Мейірімділік менен басталады» атты флешмоб өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты: оқушылардың бойында мейірімділік, достық, ризашылық және толеранттылық құндылықтарын қалыптастыру, бір-біріне құрметпен қарауға баулу.
Флешмоб барысында оқушылар жылы лебіздерін білдіріп, бір-біріне ізгі тілектер айтып, достықтың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Балалардың белсенділігі мен шынайы эмоциялары шараның тәрбиелік мәнін арттыра түсті.
Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың жүрегіне мейірім ұялатып, қоғамда өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь