Іс-шара оқушылардың ризашылық сезімін, айналасындағыларға құрмет сезімін, игі істердің құндылығын түсінуді және шынайы ризашылықты қалыптастыруға бағытталған. Сынып сағаты барысында білім алушылар «Алғыс» сөзінің мағынасын талқылады, өмірден мысалдар келтірді, «рахмет»айтқысы келетін адамдар туралы әңгімелерімен бөлісті.