Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Шығыс Аруы»

16 наурыз күні Бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ-лицейдің 3-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мұғалімдері Халимулина И.Қ. мен Валеев Д.Р. ұйымдастыруымен «Шығыс Аруы» атты әсерлі байқау өтті. Бұл шара оқушылардың өнерін, мәдениетін және шығармашылық қабілеттерін танытуға бағытталды. Байқау барысында қатысушылар ұлттық киімдерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсемдік пен әдептілікке толы сайыс көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Шараға келген ата-аналар балаларын қолдап, байқаудың көркін одан әрі қыздыра түсті. Сайыс қорытындысында барлық қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь