
Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері III Республикалық форум «Әдістемелік қызметті трансформациялау: инновациялар, сапа, тиімділік»жұмысына қатысуда. Аталған форум 1–3 сәуір күндері Ақтау қаласында, Маңғыстау облысы аумағында өтуде.
Форум аясында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы өкілдері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен келген әдістемелік орталықтар мен педагогтер бас қосып, әдістемелік қызметті дамыту, білім беру сапасын арттыру және білім беру үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізу мәселелерін талқылауда.
Форум бағдарламасына пленарлық отырыс, секциялық алаңдар, педагогикалық хакатон және кейс-сессиялар енгізілген. Бұл алаңдарда қатысушылар тәжірибе алмасып, үздік тәжірибелерін ұсынып, білім сапасын басқарудың тиімді модельдерін қарастыруда.
КММ «Әдістемелік орталық» директоры Сәркен Роза Сәкенқызы білім беру сапасын арттыруға бағытталған өңірлік жобаларды іске асырудағы табысты тәжірибесімен бөлісті.
Аталған форум – кәсіби диалогты дамытуға, тәжірибе алмасуға және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа шешімдер іздеуге мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады.