Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Эко-сарапшылар»

22 сәуір күні экологиялық айлық аясында 9 «А» сынып оқушылары арасында «Эко-сарапшылар» атты зияткерлік ойын өткізілді.

Іс-шара командалық зияткерлік-практикалық ойын форматында өтіп, зерттеу элементтері, кейс талдау және шығармашылық тапсырманы (эко-плакат жасау) қамтыды.

Ойын барысында оқушылар экология саласындағы білімдерін, топпен жұмыс істеу қабілеттерін, экологиялық жағдайларды талдап, оларды шешу жолдарын ұсыну дағдыларын көрсетті. Әсіресе шығармашылық тапсырма ерекше қызығушылық тудырып, онда командалар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған өз эко-плакаттарын таныстырды.

Өткізілген іс-шара экологиялық мәдениетті арттыруға, танымдық қызығушылықты дамытуға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь