Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

⚜️ Отбасы — ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын сүйіспеншілік, құрмет пен дәстүрдің алғашқы мектебі.

⚜️ Отбасы — ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын сүйіспеншілік, құрмет пен дәстүрдің алғашқы мектебі.
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Отбасы күніне арналған ата-аналардың қатысуымен «Шаңырақ» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Іс-шара отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды жаңғыртуға және қолдауға жағдай жасауға, мектепке дейінгі жастағы балалардың рухани-адамгершілік бағдарларын қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықтарының мәдениетіне, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.
Байқау отбасылық құндылықтарды, шығармашылық көзқарасты және педагогикалық шеберлікті танытатын жарқын алаңға айналды. Сараптамалық комиссия қатысушыларды ұсынылған материалдардың ерекшелігі, тақырыптың ашылу тереңдігі және әдістемелік құндылығы сияқты өлшемдер бойынша бағалады.
Сараптама қорытындысы бойынша жоғары дайындық деңгейін және халқымыздың рухани құндылықтарына шынайы адалдығын көрсеткен жеңімпаздар анықталды:
🥇 I орын — «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ
🥈 II орын — «Смирново №3 орта мектебі» КММ
🥉 III орын — «Чайка» бөбекжай-бақшасы» жеке білім беру мекемесі Петропавл каласы
Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Қазақстанның отбасылық құндылықтары мен мәдениетін сақтау және дамыту ісінде одан әрі табыстар, сарқылмас шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз.
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь