Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

📌 2026 жылғы 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында «PRO инклюзия: тәжірибе және бастамалар» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Іс-шараны аудандық білім бөлімі мен Әдістемелік орталық бірлесіп ұйымдастырды.

📌 2026 жылғы 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында «PRO инклюзия: тәжірибе және бастамалар» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Іс-шараны аудандық білім бөлімі мен Әдістемелік орталық бірлесіп ұйымдастырды.
Мерекелік жиын ерекше «әуежай» форматында ұйымдастырылып, әрбір тақырыптық станция әр балаға қолжетімді әрі инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру кезеңдерін бейнеледі.
✍🏻 Практикалық бөлімде қатысушылар түрлі кейстерді талдап, мектептерде инклюзивті тәжірибелерді енгізудің тиімді жолдарымен танысты.
🌍 Екінші бөлімде халықаралық қатысумен (телекөпір форматында) ашық диалог түріндегі пленарлық сессия өтті:
— Сатиш Капур (Үндістан), Global Inclusive Education Network (GIEN) президенті
— Sandeep Kaur (Ұлыбритания), Miss Lily Rice — The Thinking Schools Federation ұйымының инклюзивті білім беру көшбасшылары
🎓 Солтүстік Қазақстан облысынан пленарлық бөлімде мектепке дейінгі, орта және техникалық-кәсіптік білім беру деңгейлерінен педагогтер сөз сөйлеп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс жасаудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға 60-тан астам педагог пен мектеп басшылары қатысты.
🙌🏻 Іс-шара тәжірибе алмасуға, ашық пікір алмасуға және инклюзивті білім беруді дамыту бағытында бірлескен шешімдер қабылдауға арналған маңызды кәсіби алаңға айналды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь