📍 2026 жылғы 10 маусымда Әдістемелік орталықтың өкілдері Астана қаласында өткен дарынды балаларға арналған El Umiti Camp 2026 лагерінің мерейтойлық бесінші маусымының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
🎉✨ «El Umiti Camp 2026» – идеялар туындайтын, таланттар ашылатын және ел болашағы қалыптасатын ерекше алаң!
📍 2026 жылғы 10 маусымда Әдістемелік орталықтың өкілдері Астана қаласында өткен дарынды балаларға арналған El Umiti Camp 2026 лагерінің мерейтойлық бесінші маусымының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
👥 Биыл лагерьге 160-тан астам дарынды оқушы жиналды. Олар – El Umiti қорының Qabilet, Myn Bala, El Umiti Talant, El Umiti Premia, Aitys, Zhelayzak Nation және Debat Eli жобаларының көшбасшылары мен жеңімпаздары. Лагерь еліміздің барлық өңірлерінен келген ең белсенді, мақсатшыл әрі талантты оқушылардың басын қосты.
🤝 Әдістемелік орталық пен «El Umiti» корпоративтік қорын көпжылдық нәтижелі әріптестік байланыстырады. Екі ұйым арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында дарынды оқушыларды қолдау, педагогикалық қауымдастықты дамыту және бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
💼 Сапар барысында қор өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізіліп, өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, алдағы ынтымақтастықтың перспективалары және дарынды балалар мен жастардың әлеуетін дамытуға бағытталған жаңа бірлескен жобалар талқыланды.
🌟 Бес жыл ішінде El Umiti Camp зияткерлік дамудың, шығармашылық ізденістің және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың бірегей алаңына айналды. Мұнда дарынды оқушылар жаңа білім алып
📚, пікірлес достар табады
🤗, өз қабілеттерін дамытып, болашақ көшбасшы болуға қажетті дағдыларды меңгереді.
💙 Мерейтойлық ауысымның қатысушыларына жарқын жаңалықтар, шабыт, ұмытылмас әсерлер, жаңа достар және үлкен жетістіктер тілейміз! Лагерьдегі әрбір күн жаңа белестерге, батыл идеяларға және болашақ жеңістерге бастайтын маңызды қадам болсын!
🚀✨
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер