Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектепте «Жасыл клуб» өз жұмысын жалғастыруда. ☀️ Оқушылар мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына белсене қатысуда: түрлі-түсті петуния гүлдерін отырғызып, арамшөптерді отап, жолдарды сыпырып, гүлзарларға күтім жасауда. 🌱 Мұндай еңбек балалардың жазғы демалысын пайдалы өткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. 💚 Оқушылардың еңбегінің арқасында мектеп аумағы күннен-күнге көркейіп, таза әрі жайлы бола түсуде.
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектепте «Жасыл клуб» өз жұмысын жалғастыруда.
Оқушылар мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарына белсене қатысуда: түрлі-түсті петуния гүлдерін отырғызып, арамшөптерді отап, жолдарды сыпырып, гүлзарларға күтім жасауда.
Мұндай еңбек балалардың жазғы демалысын пайдалы өткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
Оқушылардың еңбегінің арқасында мектеп аумағы күннен-күнге көркейіп, таза әрі жайлы бола түсуде.