Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

⚜️Заманауи білім беру ортасы – оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер

⚜️Заманауи білім беру ортасы – оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер
14–15 қыркүйек күндері «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Басқарма төрағасы Л.А. Чинкисбаева жұмыс сапары аясында Уәлиханов, Есіл аудандары мен Шал ақын ауданындағы ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту жобасына қатысатын тірек және шағын жинақты мектептерде болды.
⚜️«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы кешенді түрде жаңартылды. Мектептерде заманауи оқу кеңістіктері құрылып, STEM-зертханалар, арт-студиялар, «Интеллектум» кабинеттері, шеберханалар, кітапханалар және мектеп телестудиялары жабдықталды.
Заманауи білім беру ортасы оқушыларға сапалы білім алуға, шығармашылық, техникалық, зерттеушілік және цифрлық дағдыларын дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді.
Ауыл мектептерін қолдау – балалардың болашағына және өңірлердің дамуына қосқан маңызды үлес. «Қазақстан халқына» қоры әр баланың өз қабілеті мен әлеуетін толық ашуына мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыруға үлес қосуда.
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь