Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Сөз құдіреті: «Тілдік TED» фестивалінің қорытындысы

Сөз құдіреті: «Тілдік TED» фестивалінің қорытындысы

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған онкүндік аясында «Тілдік TED» облыстық онлайн-фестивалі өтті.

Бүгін біз жай ғана «Қорытынды шығарылды» деп айтқымыз келмейді.

Әрбір сөз сөйлеудің артында — жанды идея, жеке оқиға, аудитория алдына шығуға деген батылдық және өз ойын өзгелерге жеткізуге деген шынайы ниет бар.

TED-тің заманауи форматында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қатысушылар көптілділік туралы ой қозғап, тіл үйренудегі жеке жаңалықтарымен бөлісті, мәдениет, кітап оқу және тілдің өміріміздегі рөлі туралы пікірлерін ортаға салды.

Қазылар алқасына таңдау жасау оңай болған жоқ. Барлық санаттағы қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасын және сөз өнеріне деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті.

🏆 «Тілдік TED» облыстық фестивалінің жеңімпаздары:

 «Оқушылар» санаты

🏆 Бас жүлде – Дүйсембай Әмір, «А. Досмұхамбетоватындағы облыстық дарындыбалаларғамамандандырылғангимназия-интернаты»КММ

🥇 I орын – Марушкина Ксения, Қызылжар ауданының «Рассвет орта мектебі» КММ

🥈 II орын –Дуйсен Медина, Наурызбаева Жаннур,  Қызылжар ауданының «№3 Бескөл орта мектебі» КММ; Кадимова Диана, «Н. Крупская атындағы №10 орта мектеп» КММ; Қыпшақбай Дайана, С. Мұқанов атындағы Тимирязев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ; Нұрлан Балауса, Қызылжар ауданының «Парасат» мектеп-лицейі» КММ

🥉 III орын – Аношкин Даниил, Қызылжар ауданының «Асаново орта мектебі» КММ Қызылжар ауданы; Мусаип Куралай, «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ; Цой Анжелика, М. Жұмабаев атындағы ауданының «Фурманов орта мектебі»; Яшин Павел,  «Полудин орта мектебі»

«Студенттер» санаты

🥇 I орын – Ленский Александр, «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК

🥈 II орын – Гринева Алина, Камалова Камила «Жоғарықұрылыс-экономикалықколледжі»КМҚК

🥉 III орын – Астамиров Магомед, «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК; Попова Анастасия, «Б. Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК

«Педагогтер» санаты

🏆 Бас жүлде – Пушкарева К. Ф., «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

🥇 I орын – Арстамбаева А. К., Аққайың ауданының «Тюменка негізгі мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі; Дюсенова А. К., М. Жұмабаев ауданының «Ұзынкөл орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Горбунова Е. С., «Дарын» мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Сейлбеков Н.А., «А. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Танкова Н. М., Қызылжар ауданының «Вагулино орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

🥈 II орын – Бектурганова А. А., «Ж. Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; Ветер Н. В., М. Жұмабаева ауданының  «Полтава орта мектебі»  КММ тарих пәнінің мұғалімі; Герасимова А. А., Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының «Возвышенка орта мектебі» КММ қазақ және ағылшын тілдерінің мұғалімі; Ильясова А. А., Аққайың ауданының «Ивановка орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

🥉 III орын – Биба В. В., М. Жұмабаев ауданының «Чистовка орта мектебі»  КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; А. Ж. Ережепова, «И. Даутов атындағы Петропавл қ. қызмет көрсету саласы колледжі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы; Қазбекова Д. С., Аққайың ауданының «Ивановка орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі; Калимова А. Ж.., Қызылжар ауданының «Белое орта мектебі» КММ орыс тілі және әдебиеті мұғалімі

«Кітапханашылар» санаты

🥈 II орын – Жолдыбаева Г. У., «И. Даутов атындағы Петропавл қ. қызмет көрсету саласы колледжі» КММ кітапханашысы 

🥉 III орын – Омарова Г, Б., Уәлиханов ауданының «Бидайық орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Әрбір қатысушыға — өз ойын батыл жеткізгені, шынайылығы, күтпеген жаңалықтар ашқаны, ана тілі мен кітап оқуға деген сүйіспеншілігі үшін ерекше АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіреміз!

Сөз өнеріндегі шеберліктеріңіз әрдайым шырқалып, жаңа көкжиектерге жол ашып, жүректерден жылы ықылас тапсын!

 

#ТілдікTED #ҚазақстанХалқыныңТілдеріКүні #ОқитынҰлт #СөзБіріктіреді


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь