Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Ұстаз-ұрпақ мақтанышы

Ұстаздық-ұлы құрмет, болашаққа бастар алтын көпір. Ұстаз-жас ұрпақтың бойына білім нәрін сіңіріп қана қоймай, оның азамат болып қалыптасуына бағыт-бағдар беретін, адамгершілік пен ізгіліктің дәнін себетін ардақты тұлға. Сондықтан халқымыз ұстаз еңбегін қашанда жоғары бағалап, оның мәртебесін ерекше қастерлеген. Осындай қасиетті мамандықты өмірлік жолына айналдырып, шәкірт тәрбиесіне бар ғұмырын арнап келе жатқан ұлағатты ұстаздың бірі-№2 Новоишим орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алимбаева Бибігүл Төлегенқызы. Бибігүл Төлегенқызы 1974 жылы 8 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Бірлік ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. 1991 жылы Теңдік орта мектебін тәмамдап, ұстаздық мамандықты таңдады. 1993-1996 жылдары Көкшетау қаласындағы Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжде білім алып, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын меңгерді.Еңбек жолын 1996 жылы туған ауылындағы Бірлік бастауыш мектебінде мектеп меңгерушісі әрі бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастады. 1997-1999 жылдары Кәнтемір орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. Білімін жетілдіруді де тоқтатпай, 2005-2008 жылдары Көкшетау университетінде білім алып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалавр дипломын иеленді.

Ұстаздық жолдағы отыз жылға жуық уақыт-бір қарағанда ұзақ мерзім болғанымен, Бибігүл Төлегенқызы үшін бұл жылдар ізденіске, еңбекке, шәкірт тәрбиесіне толы мазмұнды ғұмыр белесі. Отбасы мен қызметті қатар алып жүріп, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, еңбекқорлығы мен ұқыптылығы-кейінгі буынға үлгі. Бибігүл Төлегенқызының басты жетістігі-шәкірттерінің жетістігі. Ұстаздан тәлім алған талай шәкірт бүгінде еліміздің әр өңірінде түрлі салаларда қызмет атқарып жүр. Солардың бірі-Кәнтемір орта мектебінің түлегі, қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан газетінің директоры қызметін атқаратын Ербақыт Аматайұлы. Бұл-ұстаз еңбегінің жылдар өте келе жемісін беретінінің айқын дәлелі. Білікті ұстаз тек сабақ берумен шектелмей, кәсіби ізденіс пен шығармашылықты да қатар алып келеді. Бибігүл Төлегенқызы республикалық білімділік қоғамдық-саяси «Білімді ел» газетінде, республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналдарда, «Қазақ білімі», «Ұлы дала ұстазы» басылымдарында, облыстық «Педагогикалық ізденіс» журналында, «Солтүстік Қазақстан», аудандық «Есіл өңірі» газеттерінде мақалаларын жариялап келеді. Ұстаздың кәсіби ізденісі де өз нәтижесін көрсетуде. Облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының кезеңінде жеңімпаз атанып, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының Дипломымен марапатталды. Сонымен қатар, аудандық «Үздік қазақ тілі сабағы» байқауына қатысып, І орынға ие болды. Ұстаз еңбегінің өлшемі-шәкірт жетістігі. Бибігүл Төлегенқызының жетекшілігімен оқушылары аудандық және облыстық түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Атап айтқанда, «Дауылпаз баба-Қожаберген» облыстық байқауының аудандық кезеңінде «Қожаберген жырау және тарих тағылымы» атты ғылыми жоба номинациясына 10 «Б» сынып оқушысы Қыдыргелді Нұрмұхамбет қатысып, ІІ орын иеленді. Сондай-ақ ол республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» байқауының аудандық кезеңінде І орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Ал республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының аудандық кезеңінде «Білімді, зерек адам болам!»-десең, «Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе номинациясына 10 «Б» сынып оқушысы Жанзакова Жанар қатысып, ІІІ орынға ие болды. Мұндай жетістіктердің артында ұстаздың үздіксіз еңбегі, ізденісі, шәкіртіне деген сенімі мен жанашырлығы жатыр. Әр шәкірттің қабілетін танып, оны дамыту-үлкен шеберлікті қажет етеді. Ал нағыз ұстаз шәкіртінің бойындағы қабілетті байқап, оны биік белестерге жетелеуге күш салады. Ұстаз-тек білім беруші емес, ол-тұлға қалыптастырушы. Ұстаздың әрбір айтқан сөзі, әрбір ісі оқушы жүрегінде із қалдырады. Сондықтан мұғалімнің өз мамандығына адалдығы мен адамдық қасиеті шәкірт тәрбиесінде айрықша рөл атқарады. Қазақ халқының ағартушылық тарихында ұлы ұстаздардың орны ерекше. Солардың бірі-ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол білім мен ғылымды ұлт болашағының негізі деп танып, бар ғұмырын ағартушылық жолға арнады. Бүгінгі ұстаздар қауымы да осы ұлы жолдың жалғастырушысы. Заманауи білім беру жүйесінің жаңашыл талаптарын меңгере отырып, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру-қазіргі мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. ХХІ ғасыр-білім мен біліктің, ізденіс пен жаңашылдықтың дәуірі. Осы кезеңде ұстазға қойылатын талап та жоғары. Ұстаз заман талабына сай білім алып, үнемі ізденіп, шәкіртін өзгермелі қоғамға бейімдеуге даярлауы керек. Бибігүл Төлегенқызының еңбек жолы-осы талаптарға сай кәсіби ізденістің, табандылықтың және шәкіртке деген шынайы жанашырлықтың үлгісі. Ұстаз еңбегінің жемісі бір күнде көрінбейді. Ол жылдар өте келе шәкірттерінің жетістігі арқылы көрінеді. Бүгінгі шәкірт-ертеңгі ел азаматы. Оның бойындағы білімге құштарлық, отансүйгіштік, еңбекқорлық пен адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына ұстаздың қосқан үлесі зор. Бибігүл Төлегенқызының шәкірттері де қанаттанып, өз биіктерін бағындырып келеді. Олардың әрбір жетістігі-ұстаз еңбегінің бағасы, маңдай терінің өтеуі. Ұстаздық-үлкен жүректі, төзімділікті, ізденісті талап ететін қасиетті жол. Осы жолда отыз жылға жуық уақыт бойы талмай еңбек етіп, талай шәкіртке бағыт-бағдар берген Бибігүл Төлегенқызының еңбегі құрметке лайық. Ұстаз еңбегі-ұрпаққа қалдырылған өшпес мұра. Шәкірттерінің қанаты талмай, білім жолындағы жетістіктері еселене берсін! Ұстаздың еңбегі жемісті, абыройы биік болғай!
"Жаңашыл" шығармашылық тобының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Калиева Жанар Кенжебайқызы.
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь