“№2Новоишим орта мектебі”КММ оқушылары Республикалық зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңіне қатысып, өз білімдері мен зерттеушілік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Калинко Валерия және Сұлтанғали Саяжан — химия пәні бойынша зерттеу жобасынан І орын.
Жетекшісі — Герт Р. А.

Станкунова Регина және Степанова Вероника — тарих пәні бойынша зерттеу жобасынан ІІ орын.
Жетекшісі — Есмагамбетов А. Р.

Бокенбай Нартай — әдебиет пәні бойынша зерттеу жобасынан ІІ орын.
Жетекшісі — Шалова Т. Н.

Ерсаин Дариға — орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша зерттеу жобасынан ІІ орын.
Жетекшісі — Булатова И. К.

Каирова Айымгүл — география пәні бойынша зерттеу жобасынан ІІІ орын.
Жетекшісі — Сембаева Х. А.

Жас зерттеушілеріміз бен олардың жетекшілерін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістіктер — оқушылардың ізденімпаздығы мен табандылығының, білімге деген құштарлығының және ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Жас зерттеушілерімізге алдағы уақытта да тың идеялар, жаңа ізденістер, шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз!

Оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз! Жеңістеріңіз құтты болсын!
