Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

🎓 «Болашақ таңдау жасаудан басталады!»

🎓 «Болашақ таңдау жасаудан басталады!»
Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда.
Осы оқу жылында Шал ақын ауданында, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда және Петропавл қаласында педагогикалық сыныптар ашылды.
23 қазанда Қызылжар ауданындағы № 3 Бескөл орта мектебінің базасында педагогикалық сыныптың ашылуы өтті. Іс-шараға Әдістемелік орталықтың директоры Р.С. Сәркен қатысып, жоғары сынып оқушыларын құттықтады. Оларға педагогикаға деген қызығушылық, білімге құштарлық және болашақ мамандықты меңгеруде табыс тіледі.
Жұмыс Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, сондай-ақ Әдістемелік орталықтың «Кәсіпке қадам» жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Қатысушылар «Мамандыққа кіріспе» курсын меңгеріп, кәсіби сынақтардан өтіп, педагогикалық қызметтің алғашқы практикалық тәжірибесін жинақтай алады.
✨ Педагогикалық сынып — өз қабілеттеріңді ашуға, мұғалім мамандығымен жақынырақ танысуға және кәсіби қалыптасу жолындағы алғашқы қадамды жасауға берілген мүмкіндік!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь