Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Яссауидің рухани мұрасы

2026 жылдың 20 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де орта буын оқушылары үшін «Яссауидің рухани мұрасы» атты деректі-танымдық фильмді ұжымдық тамашалау ұйымдастырылды.
«Яссауидің рухани мұрасы» фильмінде оның мейірімділік, адалдық және кішіпейілділік туралы іліміне баса назар аударылды.
Бұл фильмді тамашалау оқушылардың ұлттық мәдениеттің бастауларына терең бойлауына ықпал етті.
Шара балаларға әдебиет пен тарихтың тек оқу пәндері ғана емес, сонымен бірге мықты мінез бен ізгі ниетті қалыптастырудың негізі екенін түсінуге көмектесті.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың рухани жаңғыруын тиімді жүзеге асыруға септігін тигізеді және қазақ даласының ұлы есімдерін зерделеуге деген қызығушылығын арттырады.
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь