Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Қауіпсіздік сабақтары» аясында өткізілген іс-шара

«Қауіпсіздік сабақтары» аясында өткізілген іс-шара
🚒👮🚑 Тақырыбы: «Төтенше жағдайлар қызметтері мен байланыс орталығының телефон нөмірлері»
Мектеп алдындағы шағын орталықтың 4 жас тәрбиеленушілерімен қауіпсіздік сабақтары аясында «Төтенше жағдайлар қызметтері мен байланыс орталығының телефон нөмірлері» тақырыбында танымдық іс-әрекет өткізілді.
Сабақтың мақсаты: ✅ Балаларды төтенше жағдайларда көрсетілетін көмек түрлерімен таныстыру;
✅ Өрт сөндіру қызметі (101), полиция қызметі (102), жедел жәрдем қызметі (103) және бірыңғай құтқару қызметінің (112) телефон нөмірлерін үйрету;
✅ Қауіпті жағдайларды ажырата білуге баулу;
✅ Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
✅ Қажет жағдайда ересектерден көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіру.
Сабақ барысында тәрбиеленушілер жедел қызметтердің атқаратын жұмыстарымен танысып, ойындар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы қай жағдайда қай қызметке хабарласу керектігін үйренді. Балалар ойыншық телефон арқылы көмек шақыру әрекеттерін орындап, қауіпсіздік ережелерін қызығушылықпен меңгерді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь