Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГИКАСЫ

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГИКАСЫ: БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МІНДЕТТЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
6 қараша күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда «Болашақ педагогикасы: жасанды интеллект, функционалдық сауаттылық және азаматтық тәрбие» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Б. Қарабаев бастаған ауданымыздың 6 педагогінен құралған делегация қатысты.
Семинар заманауи білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, кәсіби тәжірибе алмасуға және озық педагогикалық тәжірибелерді таратуға арналған ауқымды алаңға айналды.
Қатысушылар білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдарын, сондай-ақ өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігін тәрбиелеу мәселелерін қарастырды.
Семинар аясында «Қос аңшы кубогі: Заң мен тәртіп – елдің тірегі» облыстық дебаттар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі ерекше орын алды. Ауданымыздың педагогтер командасы өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, III орынға ие болды!
Марапатталған педагогтер:
• Сейфулина Дарина Маргулановна – Писарев орта мектебінің директоры;
• Железнова Дана Азамат

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь