Жаңа әсерлер, жарқын сезімдер және ұмытылмас күндер!
22 қазан мен 7 қараша аралығында 9 «А» сынып оқушысы Кайрова Айымгүл Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып қайтты.
Орталықта болған уақытында Айымгүл шығармашылық, достық және белсенді демалыс ортасына енуге мүмкіндік алды. Ол еліміздің түкпір-түкпірінен келген құрдастарымен танысып, қызықты іс-шараларға қатысты және өз бойындағы жаңа қырларды, таланттарды ашты.
«Балдәуренге» сапар – тек жарқын әсерлер мен жағымды эмоциялар ғана емес, сонымен қатар құнды тәжірибе, жаңа таныстықтар, жеке тұлға ретінде өсу мен дамуға берілген тамаша мүмкіндік.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер