Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Түнгі ауылдағы балалар

14.11.2026 күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де әлеуметтік педагог Туленова Ж.Е. 8 «В» сыныбының сынып жетекшісі Кенжебекова Д.М.-мен бірлесіп «Түнгі ауылдағы балалар» профилактикалық рейдін өткізді.
Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз қалу мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына жол бермеу.
Рейд барысында кәмелетке толмағандар кешкі және түнгі уақытта болуы мүмкін орындарға ерекше назар аударылды.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қайда жүргеніне мұқият болып, бос уақытын қалай өткізетініне қызығушылық танытып, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске салып отыруларыңызды сұраймыз. Ересектердің қамқорлығы мен назары — бала қауіпсіздігінің негізі!
 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь