«Егер бұл жағдай сенің жаныңда орын алса»
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі және «Бала құқығы- адам құқығы» акциясы аясында 5-7 сынып оқушылары арасында «Егер бұл жағдай сенің жаныңда орын алса» атты интерактивті практикум өткізілді. Оқушылар буллинг пен құқық бұзушылық жағдайларындағы куәгердің әрекеттерін талқылап, зардап шеккен адамға қолдау көрсету жолдарын қарастырды. Кездесу соңында өзара құрмет, көмек және жауапкершілік қағидаттарына негізделген лицейдің қолдау кодексін әзірледі.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер