Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Дюймовочка» бөбекжай-бақшасы республикалық «Кішкентай кәсіпкер» байқауында «Болашақ құрылысшы» номинациясының иегері атанды!

🏗️ Балалардың қызығушылығы, қиялы мен жасампаздыққа деген ұмтылысы – үлкен идеяларға бастар алғашқы қадам!
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Дюймовочка» бөбекжай-бақшасы республикалық «Кішкентай кәсіпкер» байқауында «Болашақ құрылысшы» номинациясының иегері атанды!
Байқау аясында бөбекжай-бақшасының педагогикалық ұжымы мектепке дейінгі жастағы балалардың құрастыруға, шығармашылыққа және құрылыс мамандықтарына деген қызығушылығын дамыту бағытындағы жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Практикалық іс-әрекеттер, түрлі модельдер құрастыру және ойын тапсырмалары арқылы балалар өз идеяларын ойластыруды, жобалауды, тәжірибе жасауды және жүзеге асыруды үйренеді.
👏 Бөбекжай-бақшасының ұжымын және жас қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаңа қызықты жобалар, тың шығармашылық идеялар мен толағай табыстар тілейміз!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь