Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЕРЛІК САБАҒЫ» САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ

           Биылғы жылы еліміз үшін маңызды оқиға -  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев:  «1991 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің жаңа тарихын бастады. Біз, қазақстандықтар, ұлттың жаңадан өркендеу кезеңінің негізін қалаушымыз» деп белгілеп, айтқан еді.
          Тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұрпағы өздерінің осы оқиғаға ортақтастығын сезінуі маңызды, болашақ және қазіргі заман «Мәңгілік ел» «құрушылары» еліміздің тәуелсіздігі мен этносаралық келісімнің құндылығын сезінулері қажет.

            2016 жылғы 23 қараша күні сағат 13.00-де «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған «Ерлік сабағы» салтанатты іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты:
1. Оқушылардың   бойында  отаншылдық  сезімін  қалыптастыру, әскери салт-дәстүрді құрметтеу;

2. Спорттық шеберлікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау;
3.
Отан қорғаушылар кәсібін дәріптеу.

Іс-шараға сырттан келген қонақтар қатысты:

Әбдуалиев Оспан Әділұлы – ҚР ұлттық гвардиясы Әскери институтының полковнигі

Алимжанов Данияр Науканович – Тәжік- Ауған шекарасындағы  әскери  қақтығыстарға  қатысушы

Жанитов Серик Сапарович - Тәжік- Ауған шекарасындағы  әскери  қақтығыстарға  қатысушы

Каримова Гульмира Раинбековна – «Петропавл қаласы білім бөлімі» ММ басшысы

Іс-шараға қатысушыларға «Казбат» Тәжік- Ауған шекарасындағы Қазақстандық сарбаздар туралы деректі фильм көрсетілді, қонақтар шекарадағы қызмет кезеңін еске түсіріп, болған оқиғалармен бөлісті, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.  

            Іс-шара барысында «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ оқушылары мен педагогтары дайындаған музыкалық нөмірлер ұсынылды.

 







Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь